"Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет ететінін хабарлайды – салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді.
Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды", – делінген хабарламада.
Департамент жеке мәліметтерді ешкімге бермеуді ескертеді.
"Сондай-ақ, қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз", – деді ведомство өкілдері.