Алаяқтардың айласына түскен БҚО тұрғындары 260 млн теңгеден айырылды

112

Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 105 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді.

Алаяқтардың айласына түскен БҚО тұрғындары 260 млн теңгеден айырылды Фото: banki.ru

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне 280 құқыққа қарсы интернет-ресурс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Екі айда жәбірленушілерге келтірілген 260 млн теңгеден астам залалға қатысты 697 күдікті есепшот бұғатталды. Соның ішінде 2,5 млн теңге бұғатталды, 1 млн теңге қайтарылды. Ал 1,5 млн теңге бойынша қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жыл басынан бері 27 мыңнан астам адам қамтылған профилактикалық іс-шаралар өткізілді. "Egov" сайты арқылы 8 мыңнан астам азамат несие алудан ерікті түрде бас тартты. 2026 жылғы 1 ақпан – 30 сәуір аралығында облыс аумағында республикалық "Anti-fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Күні бүгінге дейін 61 қылмыс ашылды, оның ішінде 33-і тәулік ішінде, 28-і – бұрын жасалған қылмыстар, мұның 11-і өткен жылдар санатынан. Биылғы екі айда ең үлкен тіркелген шығын – 16 млн теңге (инвестициялық жарнама).

– Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері: жалған қоңыраулар, мессенджерлер арқылы жасалатын алдау әрекеттері. Фишингтік сілтемелер және дербес мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша алаяқтар азаматтарды алдайды. Сондықтан күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеңіздер, жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермей, күмән тудырған жағдайларда құқық қорғау органдарына жедел хабарласыңыздар, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу