Алаяқтардың "шетелдік нөмірден" шалған 43 млн қоңырауы бұғатталды

650

Былтырғы қараша айынан бастап алаяқтар пайдаланатын нөмірден қоңырауларға тосқауыл қойылып келеді. 

Алаяқтардың "шетелдік нөмірден" шалған 43 млн қоңырауы бұғатталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ІІМ апталық брифингінде Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жыл басынан бері қаржы пирамидалары мен басқа да алаяқтық ұйымдардың заңсыз әрекеттерін жарнамалайтын 682 күдікті сайт анықталды. Олардың 113-і бұғатталды. Профилактикалық сипаттағы 19 мыңнан астам материал жарияланды. Оның ішінде 7432 материал БАҚ-та, 12142 материал әлеуметтік желілерде орналастырылды", - деді ол.

Спикер Ішкі істер министрлігінің интернет-алаяқтықтың жолын кесу және алдын алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"ЦДИАӨМ және байланыс операторларымен бірлесіп, 2022 жылғы қарашадан бастап алаяқтар пайдаланатын ауыстырылатын нөмірлерден қоңырауларға тосқауыл қойылады. Осы кезеңде 43 миллионнан астам "шетелдік алаяқтардың" әрекеттері тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми сайттарында "Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл" парақшалары құрылды", - деп толықтырды Жандос Сүйінбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу