Павлодарда алаяқтар әйелді 4,5 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар павлодарлық тұрғын "алаяқтарға қарсы арнайы операцияға қатысып жатырсыз" деп сендіріп, 4,5 млн теңге алдап кеткен. Жәбірленуші өз атына бірнеше рет кредит рәсімдеген.
"Жәбірленуші өзін күш құрылымының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полициядан көмек сұрады", - деді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Бүгінде бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу