Алаяқтық фактілерінің 36,5%-ы интернет арқылы жасалған

793

Биыл интернет арқылы жасалған алаяқтық саны 1,5 есе өскен. 

Алаяқтық фактілерінің 36,5%-ы интернет арқылы жасалған

2020 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында 23 мың алаяқтық фактісі тіркелген. Energyprom.kz басылымының дерегіне сүйенсек, бұл былтырғыға қарағанда 4,4%-ға кем.

Мұндай заң бұзушылықтардың басым бөлігі еліміздегі үш мегаполиске тиесілі. Алматыда 4,6 мың (-28%), Нұр-Сұлтанда 2,9 мың (-9,3%), Шымкентте 2,4 мың (-17,6%) алаяқтық фактісі тіркелді. 

Биыл ішкі істер органдары интернет арқылы жүзеге асқан алаяқтықтың 1700 фактісін әшкерелеп, 400 адамды қамауға алған. Ресми дерек бойынша осы жылдың алғашқы тоғыз айында мұндай қылмыс түрінің 36,5%-ы онлайн арқылы жасалған: 8,5 мың фактісі анықталды, яғни 2019 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалғандарының саны 8,1 есе өсіп, 396-ға жетті. Ал ақшаны қарызға алуға қатысы барларының саны, керісінше, 28,9%-ға қысқарған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу