Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды

588

Күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды Фото: canva.com

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Алаяқ әйел қылмыстық топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды қомақты ақшаға алдаған.

Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр. Қазір күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу