Атырау №2 соты қалалық прокуратураның қызметкерін тұтқындау туралы облыстың арнайы прокурорының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
"Арнайы прокурордың өтінішінен белгілі болғандай, Сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізімінде алаяқтық іс-әрекет фактісі бойынша Атырау қаласы прокуратурасының қызметкері К.А.-ға қатысты екі азаматтың өтініші тіркелген. Сотқа дейінгі тексеру барысында прокуратура қызметкері зардап шегушілердің ақшалай қаражаттарын алдап иемденіп кеткені анықталды", – делінеді соттың баспасөз қызметінің хабарламасында,
Сот қылмыстық іс материалдарында күдікті сот ісіне кедергі келтіруі мүмкін екеніне негіз жеткілікті деп танып, өтінішті қанағаттандырды.
Ақпаратта айтылғандай, күдікті қызметкер екі айға тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.