"Алаяқтық жасаған": 7 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Латвиядан экстрадицияланды

441

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр. 

"Алаяқтық жасаған": 7 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Латвиядан экстрадицияланды Фото: freepik

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Латвия Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2016 жылы күдікті бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан.

Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағынан ұсталды.

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу