Алаяқтықпен айналысқан екеудің әзірге 54 қылмысқа қатысы бар екені анықталды

714

Олар жалған жеке куәлік арқылы еліміздің әр өңірінен несиеге ұялы телефон сатып алған.

Алаяқтықпен айналысқан екеудің әзірге 54 қылмысқа қатысы бар екені анықталды

Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша 35 жастағы рецидивист пен оның 36 жастағы серігіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Жұп жалған құжат және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұялы байланыс операторларының бірінің 10 миллион теңгеден астам мүлкін заңсыз иемденіп алған. Олардың алдау жоспары 2021 жылдың желтоқсан айында туды. Олар жалған жеке куәлік арқылы еліміздің әр өңірінен несиеге ұялы телефон сатып алған. Сонымен қатар олар мобильді құрылғылардың белгілі бір үлгілерін сату үшін арнайы науқандарды пайдаланды. Тергеудің осы кезеңінде 54 алаяқтық дерегі анықталды", – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Ғалым Қасымбаев.

Айтпақшы, осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін 35 жастағы М. есімді азамат бұрын да бірнеше рет сотталған. Қазір ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 385-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу