Алаяқтықпен күрес аясында AI-антифрод жүйесі енгізіледі – Жаслан Мәдиев

191

AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарланған. 

Алаяқтықпен күрес аясында AI-антифрод жүйесі енгізіледі – Жаслан Мәдиев    Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында телекоммуникацияға жасанды интеллектіні енгізу барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұялы байланыс сапасын арттыру үшін операторлар телеком-желілерін талдауға арналған жасанды интеллект енгізеді. Жүйе желі жүктемесін, пайдаланушылар тығыздығын және станциялар орналасуын талдап, болжайды. Осылайша, ресурстарды автоматты түрде, инженерлердің қатысуынсыз қайта бөлуге мүмкіндік береді", – деді Жаслан Мәдиев.

Алаяқтықпен күрес аясында AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

"Жаппай қоңырау шалу, нөмірді алмастыру немесе алаяқтық белгілері анықталған жағдайда жүйе қоңырауды абонент жауап бермей тұрып, миллисекундтар ішінде шектейді", – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу