Албания аумағын ереуілдер шарпып, оның арты полицейлермен арадағы қақтығысқа ұласып кетті. Тәртіп сақшылары бас көтергендерді көзді жасаурататын газ және басқа да құралдармен таратпақ болған еді, ереуілшілер оларға тас лақтыра бастаған. Наразы топ қоқыс салатын жәшіктерге, пошта жәшіктеріне от қойып, тіпті үкімет көшесін де өртеп жібергісі келген.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ел астанасы Тирана қаласындағы бас көтерулерге 25 жастағы ер адамның полицей қолынан қаза табуы себеп болып отыр. Нақтырақ айтқанда, коменданттық сағат кезінде оны тұтқындау барысында тәртіп сақшылары оған оқ атып өлтіріп алған. Полиция өкілдері ережеге бағынбаған ер адамды ұстау үшін күшті асыра қолданғанын мойындады. Осы жайттан кейін Албанияның Ішкі істер министрі 10 желтоқсанда отставкаға кетті.
Табиғат Нұрболат
Фото: thejakartapost.com