Альберт Фишлер: Қазақстан күллі әлем алдында ашық мемлекетке айналып шыға келеді

1000

Альберт Фишлер: Қазақстан күллі әлем алдында ашық мемлекетке айналып шыға келеді

Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан үшін тарихи әрі қалыпты қадам. Францияның әдебиеттанушысы, Қазақстанның бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Альберт Фишлер осылай деді, деп хабарлайды 24.kz.

Абай Құнанбаев пен Мұстафа Шоқайдың еңбектерінен хабардар ғалым қазақ тілінің байлығын ескеріп, латын әліпбиіне еш қиындықсыз көше алатынына сенімді. Латын қарпі саты-сатымен енгізілсе, Қазақстан күллі әлем алдында ашық мемлекетке айналып шыға келеді. Қытайда латын қарпі иероглифтермен қатар қолданылады. "Бұл – осы алпауыт елдің жаһандану заманына ыңғайласып жатқанының көрінісі", – дейді ғалым.

"Қазақстан латын әліпбиіне алғаш рет көшіп отырған жоқ. 1928-1938 жылдар аралығында қазақ халқы тек латынша жазып келді. Бүгінде елдің әлемдегі маңызды рөлін ескермеске болмайды. Өйткені Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Орталық Азия елдері арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне айналды. Ал өңіраралық дауларды тек бітімгершілік арқылы шешуді ұсынып келген бұл ел Сирия дағдарысы бойынша қақтығысушы тараптардың басын қосып, ымыраға келу дөңгелек үстелін өткізді. Астанадағы ЕХРО көрмесі де әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан елдің латын қарпіне ауысуы қалыпты жағдай. Алда кедергі туындамас үшін заманауи технологиялар арқылы жаңа әліпбиге көшуге болады", - деді Альберт Фишлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу