Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қос жаттығу нәтижесі бойынша 335 келі (148+187) көтерді.
Екінші орынды КХДР спортшысы (331 келі) иеленсе, үшінші орын қытайлық ауыр атлетке (325 келі) бұйырды.
21 жастағы Альберт Линдер – Талдықорған қаласының тумасы. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Араға бір жыл салып ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, 10-орын алған болатын.
Жарыс кестесі:
26.04.2017
17:55: әйелдер – 69 келі: Файзуллаева Майра
20:55: ерлер – 77 келі: Казов Айдар
27.04.2017
20:55 ерлер – 85 келі: Линдер Семен
29.04.2017
13:25: ерлер – 105 келі: Берсанов Ибрагим
16:25: әйелдер – +90 келі: Аборнева Александра
30.04.2017
13:30: ерлер – +105 келі.