Альбина Какенова – Азияның бірінші ракеткасы

699

14 жастағы Альбина Какенова сары құрлық тізімінде көш бастады.

Альбина Какенова – Азияның бірінші ракеткасы Фото: ktf.kz

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты.

14 жастағы Альбина Какенова сары құрлық тізімінде көш бастады. Қазақ теннисшісінің еншісінде 2 722 ұпай бар. Азияның ең үздік ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода – оныншы орындарға орналасты. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның 5 ойыншысы кірді. Осы рейтинг жарияланбас бұрын Қазақстанның жасөсіпірімдер командасы 14 жасқа дейінгі Азия чемпионатын жеңген болатын.

Теннистен Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен Азия чемпионатында жекелей сында алтын жүлдені Ариана Гогулина мен Альбина Какенова иеленді.

Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Альбина Какенова, Ариана Гогулина, Арсений Требухин, Олжас Есеналы командаға жеңіс алып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу