"Газбен жабдықтау жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Жобалар Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асады", – деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"Сапа мен нәтиже басты назарда болады" деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысында газбен жабдықтау көрсеткіші 99,8 пайыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу