Алдағы 3 жылда қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға 500 млрд теңге бөлінеді

587

Бүгінгі үкімет отырысында "қарапайым заттар экономикасын" дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселелері қаралды. 

Алдағы 3 жылда қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға 500 млрд теңге бөлінеді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек құрамында мемлекеттік органдардың, өңірлер мен даму институттарының өкілдері бар экономиканың басымдықты салаларын дамыту бойынша құрылған Жобалық кеңсенің жұмысы туралы есеп берді.

Жеңіс Қасымбек Жобалық кеңсе алаңында апта сайын 300-ге жуық отырыс өткізіліп, 1000-нан астам әлеуетті кәсіпкер тындалғанын жеткізді. Нәтижесінде халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың қазіргі бағдарламасына өзгерістер пакеті әзірленген. 2025 жылға қарай "қарапайым заттар экономикасы" тауарлары бойынша импорт үлесін 59%-дан 37%-ға дейін төмендетіп, 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрып, салық түсімдерін 1,1 трлн теңгеге арттыру жоспарланған.

Отандық тауар және қызмет өндірушілерді қолдау үшін премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор сатып алуларында "қарапайым заттар экономикасына" жататын тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру бойынша шараларды қабылдауды тапсырды. 

Алдағы 3 жылда қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға 500 млрд теңге бөлінеді. Шикізаттық емес экспортты дамыту аясында мемлекеттік органдар оған бөлінген бюджет қаражатын толық және уақытылы игеру бойынша жұмысты жалғастырып, шикізаттық емес экспортты ілгерлету тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу