Алдағы 4-5 жылда мұнай бағасы қайта көтерілуі мүмкін

739

Алдағы 4-5 жылда мұнай бағасы қайта көтерілуі мүмкін

"KAZENERGY" қауымдастығы төрағасының орынбасары  Ұзақбай Қарабалин 2018 жылы мұнай бағамы  50 долларға төмендейді деген болжам жасады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Әр адамның өз пікірі бар, дегенмен біз аналитикалық компаниялардың сарапшы мамандарының пікіріне құлақ салғанымыз дұрыс. Мұнай саласындағы барлық мамандардың пікірін тұжырымдайтын болсақ, мұнай бағасы әлі де түседі дегенге саяды. Бір баррелі 50 доллар болады деген болжам бар", - деді спикер.

Ұзақбай Қарабалинның пікірінше алдағы 4-5 жылда мұнай бағасы қайта көтерілуі мүмкін.  Шарықтау шегі  100 доллардан аспайды, 80 долларға дейін барады деген сарапшылар болжамын алға тартты.

"Алайда, қазір технологиялардың тез дамып, ақпараттың лезде таралуын ескере келе болашаққа болжам жасау қиын. Алдағы 10 жылда өмір қалай өзгеретінін біле алмаймыз деді", - Ұзақбай Қарабалин.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу