Алдағы 4 жылда Чемпиондар лигасының финалы қайда өтеді

926

UEFA алдағы 4 жылда Чемпиондар лигасының финалы өтетін стадиондарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы uefa.com сайтына сілтеме жасап.  

Алдағы 4 жылда Чемпиондар лигасының финалы қайда өтеді

Чемпиондар лигасының 2022/2023 жылғы кезеңдегі финалы Стамбулдағы (Түркия) Ататүрік атындағы Олимпиада стадионында өтеді. Осыған дейін ол Мюнхендегі (Германия)  "Альянц Аренада" өтетіні хабарланған еді.

Биыл аталған доданың финалы Стамбулда өтеді деп жоспарланған. 
Алайда Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделі болуына байланысты ақтық сын Портуға (Португалия) ауыстырылды. 

Чемпиондар лигасының 2023/2024 жылғы кезеңдегі финалы Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында, 2024/2025 жылғы доданың ақтық сыны Мюнхенде өтеді. 

Сондай-ақ 2021/2022 жылғы кезеңдегі финал Санкт-Петербургтегі (Ресей) "Газпром Арена" стадионында өтетін болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу