Сенаттың жалпы отырысында елдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жайында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрдің болжамы 2021 жылы экономиканың өсуі бойынша деректер мен халықаралық қаржы ұйымдарының күтулеріне негізделген. Ең алдымен бұған мұнай бағасы ықпал етеді.
"Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамына сәйкес 2022 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 104,2 доллар деңгейінде күтілуде. 2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3%-ға жетуі иқтимал. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды. Осы сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар. Соған сәйкес, 2023 жылы инфляция – 7,5-9,5% дәлізінде, 2024 жылы – 4-5%, 2025-2027 жылдары 3-4% дәлізінде белгіленді", – деді Сенатта баяндама жасаған министр.