Елде орман өрті ойран салып, айтарлықтай зардап әкеледі деген қауіп бар. Бұл елдің Табиғи ресурстар министрлігінің болжамы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қыркүйекке қарай орман өрті күшейіп, аумағы кейінгі жылдары болған от апаттарының ауданынан әлдеқайда асып түседі.
Қазірдің өзінде Канададағы жағдай өте күрделі. Бүкіл ел бойынша 400-ден астам өрт ошағы тіркелген. Бір ғана қаланың өзінен 8 мыңнан астам эвакуацияланды. Жалпы осы уақытқа дейін қауіпсіз жерге көшірілгендердің қатары 20 мыңға жетеді. Жалынмен күресуге көмек ретінде Португалия, Испания мен Франция өзінің 300-ге жуық өрт сөндірушісін жіберді. Ал АҚШ 600 маманды аттандырды.