Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

1025

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі Фото: inbusiness.kz

Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі бағыттар мен инвестициялық жобалар туралы ақпарат берген Ауыл шаруашылығы министрі Сапахан Омаров осындай мәлімет айтты. 

"Ауылда микрокредит беру жалғасатын болады. Өткен жылдың өзінде бұл мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60%-ын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Алдағы бес жылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың микрокредит беру жоспарланып отыр", - деді ведомство басшысы.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу