2024-2029 жылдар аралығында "Жасыл балабақша" бағыты бойынша 622 мектепке дейінгі ұйым құру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Одан бөлек қазіргі заманғы жетістіктерді ескере отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылады, экологиялық қауіпсіздікке жауапты басшылар мен мамандарды кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.
"Университеттер аумағында көкөніс, жеміс-жидек және көк өсіру бойынша "Community Gardens" қоғамдық бақтар құрылады, олар студенттерге экология, органикалық егіншілік және ауыл шаруашылығы негіздерін практикада оқу алаңына айналады, сондай-ақ олардың бойында ұжымдық еңбек пен қоршаған орта үшін жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жоғары оқу орындарында қоғамдық көлікті, велосипедтерді пайдалануға және жаяу серуендеуге ынталандыру бойынша "Green Transportation Initiatives" бастамасы қолға алынбақ. Осы бастамалар аясында жол жүруге жеңілдіктер жасалады, экологиялық көлік үшін велосипед жолдары мен автотұрақтар салынады", – деді спикер.