Алдағы бес жылда Жер температурасы өзгереді

504

Бұл туралы БҰҰ мамандары мәлімдеді

Алдағы бес жылда Жер температурасы өзгереді Фото: inbusiness.kz

 

Парниктік газдардың жиналуы және Эль-Ниньо әсеріне байланысты алдағы бес жылда жаһандық температура рекордтық деңгейге жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымына сілтеме жасап.

Мамандардың есептеулеріне сәйкес, 2023-2027 жылдар аралығындағы орташа жылдық жаһандық Жер бетіндегі температура Цельсий бойынша 1,5 градустан асатын 66% ықтималдығы бар.

Мамандар алдағы бес жылдық кезең бақылау тарихындағы ең ыстық кезең болады деп болжайды.

Орташа жаһандық температура одан әрі өсе береді және адамзатты үйреніп қалған климаттан алшақтатады, дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу