"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2018 жылға дейін еліміз бойынша 110 жаңа білім беру нысаны қолданысқа берілетін болады. Олардың ішінде 91-і орта мектеп болсақалғаны балабақшалар. Осы мақсатта 77 млрд теңге бөлініп отыр. Аталған нысандардың қазір 58-інің құрылысы жүріп жатса, қалғанындарында енді басталады. Білім ошақтары қолданысқа берілген уақытта еліміздегі үш ауысымда оқытуды жойылып, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мүмкін болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу