Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай 19-20 қарашада Астанада арнайы жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке елорданың оң және сол жағалауында: Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша өтеді. Өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ға төмен сатылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ет, шұжық өнімдері, ұн және макарон өнімдері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрін ұсынатын болады.
Қарашаның үшінші жексенбісінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында ұйымдастырылады.