Таяу күндері ауа райы жылынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
19 қазанда көшпелі бұлт күтіледі, аздаған жаңбыр, қар жауады, бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 соғады, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -2-4°С, күндіз 0,+2°С.
Сенбі, 20 қазан, ауа райы құбылмалы, аздаған жауын жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с ұлғаяды. Температура түнде -3...-5°С, күндіз +5...+7°С.
Жексенбі, 21 қазан, көшпелі бұлт, аздаған жауын-шашын жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Температура түнде +2...+4°С, күндіз +8...+10°С.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу