"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Солтүстік циклонның ықпалында болады. Күн бұлтты және салқын болмақ.
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа температурасы күндіз 10-20 градус жылы болса, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн 20-30 градусқа дейін ысиды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу