2-3 қыркүйекте "Қазақстан" СК көлік тұрағы аумағында Атырау, Оңтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы 1300 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, картоп, көкөніс пен жеміс-жидектер, түрлі дәмді тағамдар ұсынылады.
Жәрмеңкеге ПК "Ижевский", "Қазгерқұс" ЖШС, "Астана Өнім" АҚ сынды 100-ден астам отандық тауарөндіруші қатысуда.
Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу