Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы өзгереді деп күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда Скандинавия түбегінің аймақтарынан салқын антициклонның енуімен жаңбырдың арты қарға ұласадыды, ауа температурасы түнде 5-12 градус аязға дейін төмендейді, сондай-ақ көктайғақ болады деп болжануда.
Жалпы еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік аймақта найзағай ойнап, жаңбыр болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу