Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты жел соғады, бұршақ та жауады. Ауа райының қолайсыздығына Новосибирск аумағынан енген циклон әсер етеді. Сондықтан елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.
"Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі температура +20+28 градус, оңтүстік-шығысында +25+33 градус болады, бірақ елдің батысы мен оңтүстігінде +33+40 градус қатты ыстық сақталады", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу