Алдағы демалыс күндері ел аумағында қалың қар жауып, боран соғады

93

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі.

Алдағы демалыс күндері ел аумағында қалың қар жауып, боран соғады Фото: ЖИ

2026 жылғы 24-26 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі.

Ауа температурасы:

Батыста: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.

Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.

Орталықта: түнде ауа температурасының негізгі фоны -2…-10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Шығыста: түнде ауа температурасының негізгі фоны -5…-10°С, облыстың таулы аудандарында -13…-18°С болады. Күндіз -5…+5°С аралығында күтіледі.

Оңтүстікте: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.

Оңтүстік-шығыста: күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда -1…-6°С күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу