Алдағы демалыс күндері ел аумағында қатты аяз болады

121

Қазгидромет синоптиктері 18-23 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы демалыс күндері ел аумағында қатты аяз болады Фото: pixabay

Атлант мұхитынан ығысқан циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Сондықтан қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында қатты қар жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында да қар жауады.

22 қаңтардан бастап күн суытып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:

  • батыста температура 10-20 градус аяз;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
  • орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
  • оңтүстікте 12-25 градус аяз болады;

"Ел тұрғындарын қатты аяз бен суық ауа райына дайын болуға шақырамыз", –  деді синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу