Алдағы демалыс күндері елімізде аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады

527

Қазгидромет мамандары 10-12 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

Алдағы демалыс күндері елімізде аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады Фото: Turkystan.kz

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр және бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, жел тұрады.

10-12 маусымда еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қазақстанның шұғыл-континенттік климатында қалыптан ыстық температура айтарлықтай төмендейді.

Сонымен, ыстық солтүстікте, шығыста +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін бәсеңдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу