Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

366

"Қазгидромет" РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер мәліметінше, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 

"Солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады. 

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылдың осы уақытына сай салыстырмалы түрде қолайлы болады: түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу