Алдағы демалыс күндері еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейе түседі

353

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алдағы демалыс күндері еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейе түседі Фото: inbusiness.kz

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ та болжанады.

"Еліміздің батысында ауа температурасында өзгерістер күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін аздаған төмендейді", - деп жазылған мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу