Алдағы демалыс күндері елордада жәрмеңке өтеді

1219

5 және 6 қыркүйекте екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам өнім әкеледі.

Алдағы демалыс күндері елордада жәрмеңке өтеді

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық сатылымнан 15 – 20 пайызға төмен болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

5-6 қыркүйек күндері аралығында "Хан-Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан және Алматы облыстары әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде Түркістан облысы шаруалары мен дихандары 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынады.

Атап айтқанда, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидектер, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна әсел, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері.  

Түркістан әкімдігі негізгі өнімдер бойынша бағаларға да талдау жасаған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сиыр етінің нарықтағы орташа бағасы 2000 – 2100 тг/кг құраса, жәрмеңкеде 1700-1800 тг/кг., қарбыз, қауын  130-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 75-100 тг/кг, көкөніс өнімдерінің орташа бағасы 150-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 100-150 тг/кг.

5 және 6 қыркүйекте Алматы облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне үш қала – Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалалары және 17 аудан қатысады.

Жалпы алғанда, 370,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімі немесе 48 аталы өнім әкелінеді.

Фермерлер 44,5 тонна ет, 16,1 тонна сүт өнімдерін, 113,6 тонна көкөніс, 14,7 тонна балық, 38 тонна жеміс-жидек, 42,6 тонна картоп, 100 тонна басқа да өнімдер әкеледі.

Жалпы сомасы 170,5 млн теңгенің өнімін сату жоспарлануда.

Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет: маска тағу, қашықтықты сақтау және міндетті түрде антисептиктерді қолдану.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу