"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дегенмен, 29 тамызда "Қазпошта" АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.
27 тамыз жұмыс күні болып бекітілгенін тағы еске саламыз. Бұл күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар 31 тамызда қайта жұмысқа оралады.
Еске салайық, ХҚО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.