Алдағы демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

508

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады Фото: inbusiness.kz

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етіп, сондықтан ауа райы құбылып, қар жауады. Батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райының қандай болатынын айтқан болатын. Қараша айында жалпы Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендейтіні хабарланды. Жауын-шашын мөлшері республиканың барлық дерлік аймақтарында қалыпты деңгейде немесе одан да көп болады деп болжанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу