"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 2-4 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы салқын, әрі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығының кейбір аумағында жаңбыр жауады. Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғуы мүмкін", деп жазылған хабарламада.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың басқа аймақтарында түнде 5-12 градус, күндіз 13-20 градус жылы болмақ. Таулы аймақтарда түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу