Алдағы демалыс күндері күн суытады

420

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Алдағы демалыс күндері күн суытады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер 12-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын әкеледі. Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ара-тұра қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді жел болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.

12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында – 42 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал Қазақстан Республикасының солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу