Қазгидромет 2018 жылғы 2-4 маусым аралығы - демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қатқақ күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жиі жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3...5 градусқа төмен түседі, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатқақ күтіледі. Барлығына Ресейдің еуропалық бөлігінен түсіп жатқан салқын және дымқыл ауа массасы әсер етеді.
Оңтүстік облыстарда өзге аймақтарға қарағанда жылы болады. Иран аймағынан жылы ауа массалары ықпалынан мұнда ауа +27+35 дейін, кей жерлерде +38 дейін жылиды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу