Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады

1259

Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады

Қазан айының 27-28 күндері Астанада жауын-шашынды күн райы күтіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазгидрометтің мәліметінше, ертең, 26 қазан, көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0... +2 °С, күндіз +11...+13°С.

Сенбі, 27 қазан, көшпелі бұлт шығып, түсте жауын жауады. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с соғады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °С, күндіз +13...+15 °С күтіледі.

Ал, 28 қазан күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын шашын күтіледі. Жел батыстан соғады 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5 °С құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу