Алдағы демалыс күндеріне ауа-райы болжамы

1378

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық басылып, кей аймақтарда күн жауынды болады.

Алдағы демалыс күндеріне ауа-райы болжамы

"Қазгидрометтің" мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжиды, соның әсерінен еліміздің батыс өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, ыстықтың беті қайтады. Күндізгі ауа температурасы +35…+40°С-тан кейін, +20…+30°С-қа дейін төмендейді.

Ал республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде жаңбыр төгіп, жел тұрады.

Қазақстанның оңтүстік-шығысының  кей жерлерінде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр селдетіп өтеді.

Өзге аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының +25…3+5°С-ға дейін жоғарылауы болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу