Алдағы демалыста күн 37 градусқа дейін ыстық болады - синоптиктер

184

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.  

Алдағы демалыста күн 37 градусқа дейін ыстық болады - синоптиктер Фото: nia.eco

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы 3 тәулікте оңтүстік циклонның өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай мен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

10 мамырда солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжануда.

Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6-16-дан 10-20-ға дейін, күндіз 18-26-дан 20-35-ке дейін, солтүстігінде түнде 10-17-ден 5-13-ке дейін, күндіз 17-27-ден 13-23-ке дейін, республиканың оңтүстігінде түнде 12-20-ға дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін көтерілуі күтілуде.

Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу