Алдағы демалыстан бастап ұлттық парктерде рейд жүреді

1119

Табиғатты қоқыспен ластаушыларға салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылмақ.

Алдағы демалыстан бастап ұлттық парктерде рейд жүреді

Крантиннен зерігіп, табиғат аясына қашып шыққан жұрттың заңсыз әрекеттері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін заңнаманы қатаңдатуға мәжбүр еткенге ұқсайды. Орталық коммунаикациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте министр Мағзұм Мырзағалиев осындай мәлімет айтты.

"Соңғы күндері туристердің легі көбейгенін байқаймыз. Бірақ олар жүрген жерлерінде көп қоқыс қалдырды. Бізді қоқыс контейнерін көбірек орнатуға шақырушылар көп. Бірақ тәжірибе неғұрлым көп контейнер қойсақ, қоқыс соғұрлым көп шашылатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз айыппұл салуға мәжбүрміз. Ішкі істер министрлігімен бұл сұрақты пысықтадық. Осы демалыс күндерден бастап жағдайды мониторингілеу және жергілікті орындарда шаралар қабылдау үшін ұлттық парктер мен демалыс аймақтары бойынша рейдтер жүргіземіз. Қоқыс тастаушыларға айыппұл саламыз. Рейдтерге бізбен бірген экологтар, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысады. Сонымен қатар, мен бүгін Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиян тигізген заңбұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды", – дейді министр.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу