"Алдағы үш күнде республикадағы ауа райын солтүстік циклон қалыптастырды, ол өзімен бірге қар аралас жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел әкеледі. 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамыр күндері орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыста жаңбыр, қар жауады. Өз кезегінде, Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпалымен республиканың батысында күн ашық болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Жақындап келе жатқан салқын ауа массалары әсерінен 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында түнде және таңертең ауаның температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.