Алдағы екі жылда 11 мың шақырым жол ақылы болады

Төлемді кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. 

Алдағы екі жылда 11 мың шақырым жол ақылы болады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайды. Жыл басынан бері олардан 4 млрд теңге түсті.

Ақылы жолдармен жүру жеңіл көліктер үшін 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға 25 теңгені құрайды.

 "Қызылорда облысында жергілікті жүк көлігін пайдаланушылардың көптеген өтініштеріне байланысты елдегі ақылы автомобиль жолдарына жылдық жазылым туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілуде", – деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар екінші санаттағы жол учаскелері тиісті жағдайға келтірілгеннен кейін олар да ақылы болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу