Алдағы күндері жауын-шашынды болады

157

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республика бойынша 9,10 және 11 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері жауын-шашынды болады Фото: inbusiness.kz

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады: солтүстікте, 9-10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10-11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел тұрады. Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:

Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;

Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;

Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;

Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;

Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;

Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу