Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай?

400

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай? Фото: unsplash.com

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашынды болады.

18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облысында, 17 наурызда Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын, жаңбыр аралас қар жауады.

16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу