Алдағы күндері –12 градусқа дейін аяз болады

512

Қазгидромет синоптиктері 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Алдағы күндері –12 градусқа дейін аяз болады Фото: zakon.kz

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді - 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді.

Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде - тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болжанады.

Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу